Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты 31 тамызда Павлодар мен Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы күтіледі Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды Исландия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берді Түркия мен Израиль СІМ-дері Ердоғанға қатысты сыннан кейін өткір мәлімдемелер алмасты Астанада велосипедші әйел жол-көлік оқиғасынан қаза тапты 31 тамызда Павлодар мен Ақтөбеде ауа сапасының нашарлауы күтіледі Қазақстанның 17 облысы мен екі қаласында дауылды ескерту жарияланды Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды Исландия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерді қайта бастауға қарсы дауыс берді Түркия мен Израиль СІМ-дері Ердоғанға қатысты сыннан кейін өткір мәлімдемелер алмасты

    «Келіншегінің денсаулығын ойламаған, масқара»: танымал әзілкештің әйелі сегізінші баласын босанбақ (ВИДЕО)

    «Келіншегінің денсаулығын ойламаған, масқара»: танымал әзілкештің әйелі сегізінші баласын босанбақ (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info

    Танымал әзілкеш әрі блогер Ғалым Махамбет жұбайының сегізінші сәбиіне аяғы ауыр екенін жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Отбасы гендер-пати форматындағы видеоны әлеуметтік желіге жүктеп, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видеода ерлі-зайыптылар балаларымен бірге болашақ сәбидің УДЗ суретін көрсеткен. Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрлі пікір білдірді. Кейбір оқырмандар көпбалалы отбасыға таңданысын жасыра алмады.

    Пікірлер арасында: «Ма, организмді де ойлау керек шығар, әйеліңізге обал ғой, демалдырмай не болды сонша», «Масқара, сонша бала туа беріп денсаулықты ойламай ма екен», «Балалар шаршадым деп жатыр, бір-бірінен-ақ шаршайтын ғой», – деген сыни пікірлер жазылған.

    Ал енді бірі әзіл мен жылы лебізін арнаған. Олардың қатарында: «Рас болса, Алла ғұмырымен берсін», «Әсияға Аллам мықты денсаулық берсін», «Мен бала бақпаймын, өзі бала әлі», «Расул мен Дарын бөлек шығады-ау», – деген комментарийлер бар.

    Тіпті әнші Гүлнар Мұрадимова да жазба астына күліп тұрған эмодзи қалдырып, «Жандарым» деп пікір білдірген. Желіде тараған видео аз уақыт ішінде жүз мыңдаған қаралым жинап үлгерді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →