Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды

Олимпиада чемпионы Шайдоров: Жеңістен кейін бес ай бойы жалақы алмай отырмын

Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін бес айдан бері жалақы алмай отырғанын мәлімдеді. Спортшы мұны биліктің «жазалау» шарасы деп санайды.

Олимпиада чемпионы Шайдоров: Жеңістен кейін бес ай бойы жалақы алмай отырмын

Сурет: sports.kz

2026 жылғы Милан Олимпиадасының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін бес ай бойы өзіне және жаттықтырушылар штабына жалақы төленбей жатқанын мәлімдеді. Спортшы мұны өзінің табысы туралы ақпараттың жария етілуіне қатысты айтқан сыны үшін «жазалау» әрекеті деп санайды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Спортшының айтуынша, дау оның табысы туралы есеп жарияланғаннан кейін басталған. Ол кезде тек спортшының Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанғаннан кейін ғана, яғни 2025 жылы ғана қолдау көре бастаған кезеңі көрсетілген. Шайдоров мұны төрт жылдық олимпиадалық циклдегі өзінің және отбасының көпжылдық еңбегін жоққа шығару әрекеті деп бағалап, бұған ашық наразылығын білдірген.

Осы оқиғадан кейін бес айдан бері спортшы да, оның жаттықтырушылар құрамы да жалақысыз отыр. Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап оған медициналық бақылау көрсету тоқтатылған. Бұл жағдай келесі маусымға дайындықты жоспарлауға кедергі келтіріп отыр, себебі жаттығу жиындары мен бағдарламаларды қою шығындарына қатысты нақтылық жоқ.

Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров 2026 жылы Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұл – Қазақстанның осы спорт түріндегі тұңғыш Олимпиада алтыны және 1994 жылы шаңғышы Владимир Смирновтың жеңісінен бергі қысқы Олимпиада ойындарындағы алғашқы жоғары дәрежелі жүлдесі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →