Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған бірлескен цифрлық платформа іске қосылды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Қазақстан мен Қытай астық саудасына арналған бірлескен цифрлық платформа іске қосылды

    Ақтөбеде жер үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

    Ақтөбеде жер үйде газ жарылып, бір адам қаза тапты

    Фото: Видеодан скрин

    Ақтөбеде жер үйде газ жарылып, егде жастағы тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Табиғи газдың шығуынан газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан 100 шаршы метр аумақтағы жеке тұрғын үй опырылған.

    Оқиға орнынан 1 адамның мәйіті табылды.

    Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, оқиғаға табиғи газдың шығуы себеп болған.

    «Оқиға орнынан қаза тапқан әйелдің денесі табылды. Салдарын жою жұмыстарына ТЖД, Апаттар медицинасы орталығы, жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары, соның ішінде кинологиялық топ тартылды. Оқиға орнында Полиция департаменті мен шұғыл қызметтердің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», — деп қосты ведомство.

    Қазір авариялық-құтқару жұмыстары, үйінділерді тексеру және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жүргізілуде.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →