Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Тоқаев қазақстандық спортшыларды көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады Қазақ блогері Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді Қазақстанның барлық өңірінде 7 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды

    «Қазақмыс» Жезқазғанда жаңа күкірт қышқылы цехын салу үшін қытайлық алпауыттармен келіссөз жүргізді

    «Қазақмыс» Жезқазғанда жаңа күкірт қышқылы цехын салу үшін қытайлық алпауыттармен келіссөз жүргізді

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің Қытайға жұмыс сапары қытайлық ірі инжинирингтік және технологиялық компаниялары – ENFI және TCC CNCEC басшыларымен жүргізілген келіссөзбен жалғасты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Кездесудің негізгі тақырыбы Жезқазғанда жаңа күкірт қышқылы цехын салу жобасы аясында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі, сондай-ақ металлургиялық өндіріс саласына арналған заманауи инженерлік және технологиялық шешімдерді зерттеу болды.

    ENFI түсті металлургия саласындағы Қытайдың жетекші инжинирингтік орталықтарының бірі болып табылады және халықаралық MetMining тау-кен-металлургиялық тобының еншілес құрылымына кіреді. Компания Қытайдағы заманауи мыс балқыту кәсіпорындарының 50%-дан астамының жобалау жұмысына қатысқан.

    Іссапар бағдарламасының тағы бір тармағы ауқымды өнеркәсіптік және химиялық жобаларды іске асыруға маманданған қытайлық TCC CNCEC инжинирингтік-құрылыс компаниясымен өткен келіссөз болды.

    Кездесу қорытындысында қол жеткізілген келісімдер мен тәжірибе алмасу «Қазақмыс» корпорациясы үшін технологиялық ынтымақтастықты дамытуға, заманауи инженерлік шешімдерді зерделеуге, сондай-ақ өндірістік активтерді жаңғырту және тиімділігін арттыруға бағытталған ықтимал бірлескен жобаларды пысықтауға берік негіз қалыптастырғаны аталып өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →