Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты

Семейдің қақ ортасындағы жол жүруге келмейді

Семейдің қақ ортасындағы жол жүруге келмейді

Фото: видеодан скрин
Семейдің қақ ортасындағы Би Боранбай көшесі, 45а үйінің тұрғындары бірнеше жылдан бері өз аулаларында батпақ кешіп өмір сүруге мәжбүр.

Баяғыда жылу трассасын жүргіземіз деп жерді астан-кестенін шығарып қазғандар, ісін бітірген соң «балалар алаңын салып береміз» деп уәдені үйіп-төккен.

Алайда, уәде үйіліп қалды, ал халықтың сиқы мынау: жауын жауса болды, аула бетімен кеткен көлшік пен батпаққа айналады. Бұл жермен көлік түгіл, бала жетектеп, арба итерген аналардың жаяу жүруі мүлдем мүмкін емес. Жер сәл кепсе, орынында соқпақ емес, оңбаған шұңқырлар мен үңірейген оймақтар қалады. Шыдамы таусылған семейліктер қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ресми арыз да жазып көрді. Әкімдіктегілердің берген жауабы жалғыз-ақ сөз: «Күте тұрыңыздар». Сонда атқамінерлердің «ертеңіне» сенген жұрт тағы қанша жыл батпақ кешуі тиіс? Тозығы жеткен ауланың бұл жыры қашан аяқталары әзірге беймәлім.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →