Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды

Көшеде жарық жоқ: Қарағандыда студент қыз қаза тапты

Көшеде жарық жоқ: Қарағандыда студент қыз қаза тапты

Фото: видеодан скрин
Университет көшесіндегі өшкен шамдар мен атқарушы биліктің селқостығы тағы бір қасіретке әкеп соқты.

24 мамырға қараған түні бұл аумақта 20 жастағы студент қызды көлік қағып, ол тіл тартпастан кетті. Қарағандылықтар бұл учаскеде жарықтың сөніп тұрғанына бір аптадан асқанын айтып, дабыл қаққан еді. Ал қала әкімінің орынбасары Қайрат Қамзин жарықтың өшуіне жай ғана «қысқа тұйықталу» себеп болды деп ақталды.

Полиция мердігер мен аудан әкімдігіне жарықты қосу туралы нұсқама бергенін айтып, жауапкершілікті сілтей салды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтағы барлық көше жарығын тексеруді тапсырды, бірақ бұл кешіккен шара екені анық. Осыдан бірнеше жыл бұрын дәл осы жерде тағы бір бойжеткен қаза тапқан болатын.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →