Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • 1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді: QazETA, сайлау, ипотека • Асыл Айтақын әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады • Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылды, Қазақстан 18 спортшымен қатысады • Тоқаев Алжир президентіне Революция күнімен құттықтау жеделхатын жолдады • Данияр Елеусінов Шохжахон Эргашевпен жекпе-жекке шығуға дайын, бірақ гонорар талап етті • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды •

    Құлсарыдағы сорақылық: бір топ оқушы екі баланы аяусыз соққыға жыққан

    Құлсарыдағы сорақылық: бір топ оқушы екі баланы аяусыз соққыға жыққан

    Әлеуметтік желіде Құлсары қаласында бірнеше оқушының екі баланы жерге құлатып, бас-көзге демей тепкілеп жатқан сұмдық видеосы тарады. Қатарластарының бұл қатыгездігі мен тасжүректігі көпшіліктің ашу-ызасын тудырып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ресми мәліметке сүйенсек, бұл оқиға осы жылдың сәуір айында болған. Құқық бұзушылыққа қатысы бар 13–14 жастағы жасөспірімдердің барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.

    Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынды. Ал олардың ата-аналары бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Барлық жиналған материалдар арнайы комиссияға жолданды. Осы орайда «баламыз кіммен жүр, не істеп жүр?» деген сұрақ әр шаңырақта белең алуы тиіс сияқты.
    Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті хабарлады.

    Фото: egemen.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →