Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін

    Айыппұл туралы жалған SMS: Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа тәсілін тапты

    Қазақстанда айыппұл төлеуді талап ететін жалған SMS-хабарламалар тарап жатыр. Алаяқтар фишингтік сілтеме арқылы банк деректерін ұрлауды көздейді.

    Айыппұл туралы жалған SMS: Алаяқтар қазақстандықтарды алдаудың жаңа тәсілін тапты

    Сурет: azattyq-ruhy.kz

    Қазақстанда жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеуді талап ететін жалған SMS-хабарламалар тарату оқиғалары жиіледі. Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлағандай, қаскөйлер фишингтік сілтемелер арқылы азаматтардың жеке деректері мен банк картасының мәліметтерін ұрлауды көздейді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Алаяқтық схема бойынша, тұрғындарға «ҚР Жол полициясы департаменті» атынан хабарлама келеді. Онда айыппұлды шұғыл түрде төлеу қажеттігі айтылып, күмәнді сайтқа өтуді ұсынатын сілтеме көрсетіледі. Осы сілтемеге өткен жағдайда, алаяқтар азаматтардың құпия деректерін иемденіп, олардың есепшотындағы ақшаны жымқыруы мүмкін.

    Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға шақырады. Полиция өкілдері белгісіз нөмірлерден келген күмәнді сілтемелерге өтпеуге және жеке деректерді, әсіресе банк картасының CVC-кодын еш жерде көрсетпеуге кеңес береді. Айыппұлдың бар-жоғын тек ресми ресурстар – qamqor.gov.kz, eGov.kz порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы ғана тексеру қажет.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →