Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,7 529,4 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін Көшпенділер ойындарының қорытындысы дау тудырды: Қазақстан ба, Қырғызстан ба? Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын білдірді Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңісті құттықтады Алматыда қызбен таныспақ болып, жанжал шығарған жігіт ұсталды Ақмола облысында жүк көлігі пойызға соғылды Қазақстандық мұғалімдерге кешкі сағат 18:00-ден кейін ата-аналардың хабарламаларына жауап бермеуге рұқсат етілуі мүмкін

    Қарағандыда студент қызды көлік қағып, қаза тапты

    Қарағандыда студент қызды көлік қағып, қаза тапты

    Фото: Видеодан скрин

    Қарағанды қаласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болып, Бөкетов атындағы университеттің студенті қаза тапты, хабарлайды Qazaqtoday.infoақпарат порталы.

    Қайғылы жағдай түнгі уақытта Университетская көшесінде, жатақхана маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2006 жылы туған бойжеткен жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған кезде оны «Лада» автокөлігі қағып кеткен. Соққының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

    Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті 33 жастағы жүргізуші басқарған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

    Куәгерлердің айтуынша, жол апаты студенттер жатақханасының дәл қарсы бетінде болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →