Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті ХАМАС Газадағы азаматтық басқарудан бас тартады, бірақ қарулы қанаты сақталады Алматыда түнгі отбасылық жанжал өліммен аяқталды Қазақстандық жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр Балқаш па, әлде Венеция ма? Қала көшесін жаңбырдан кейін су басады Жезқазғанда апатты үйдің төбесінен су сорғалап, шенеуніктер тұрғынды «кезегін күтуге» мәжбүрлеуде «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті

Роналду мансабындағы 973-голын соғып, «Аль-Наср» чемпион атанды

Криштиану Роналду мансабындағы 973-голын соғып, «Аль-Наср» клубының Сауд Арабиясы Про-лигасында чемпион атануына үлес қосты. Турнирлік кесте қорытындысы.

Роналду мансабындағы 973-голын соғып, «Аль-Наср» чемпион атанды

Сурет: sportsnews.kz

«Аль-Наср» футбол клубы Сауд Арабиясының Про-лигасында чемпион атанды. Команданың шабуылшысы Криштиану Роналду лиганың соңғы, 34-турында «Дамак» қақпасына гол соғып, мансабындағы 973-ші добын тіркеді деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

«Дамак» командасына қарсы өткен кездесу 4:1 есебімен «Аль-Наср» командасының жеңісімен аяқталды. Португалиялық футболшы осы ойында екі голдың авторы атанды: ол 63-минутта мансабындағы 972-ші, ал 81-минутта 973-ші голын салды.

Жалпы, Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасы сапында 143 гол, ал клубтық деңгейде 830 доп соққан.

Сауд Арабиясы чемпионатының қорытындысы бойынша «Аль-Наср» 86 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші сатыға 84 ұпаймен «Аль-Хиляль» жайғасса, үздік үштікті 81 ұпаймен «Аль-Ахли» түйіндеді. Ал 29 ұпай жинаған «Дамак» клубы 16-орында қалып, төменгі лигаға түсу аймағында қалды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика