Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? Астанадағы ең үлкен мешіттің атауы «Нұрсұлтан мешіті» деп өзгертілді Бір нөсерге шыдамаған Маңғыстау: 85 үйдің ауласын су басып, әкімдік тағы да «бақылауда» деп ақталуда Жезқазғанда былтыр ғана төселген жаңа жолдың сиқы қашқан Футболдан әлем чемпионаты: ширек финалға шыққан алғашқы жұп анықталды

Өтемақыға футболка: «Ақтөбе» ФК жанкүйердің басын жарғаны үшін жеңіл құтылмақ болған

Өтемақыға футболка: «Ақтөбе» ФК жанкүйердің басын жарғаны үшін жеңіл құтылмақ болған

Фото: Әлеуметтік желі

Ақтөбеде масқара жағдайға қатысты дау баслыар емес. Стадионға демалуға келген төрт баланың анасы Аянай Елтокованың бетіне доп тиген. Соққының қатты болғаны сонша, әйел адам жабық бас-сүйек жарақатын алып, миы шайқалған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

Бетін тігуге тура келген. Қазір ол бастың тоқтаусыз ауруынан, стресс пен ұйқысыздықтан зардап шегіп отыр.
Ең сорақысы — футбол клубының бұл жағдайды жылы жауып қойғысы келгені.

Клуб басшылығы зардап шеккен келіншекке өтемақы ретінде не ұсынды дейсіз ғой? Бар-жоғы тегін жылдық абонемент пен клубтың футболкасы! Бас жарақатына — футболка. Ойыншылардың кінәсі жоқ, бірақ стадионда ешқандай қауіпсіздік торы немесе ескерту белгілері қойылмаған. Кінә тікелей ұйымдастырушыларда.

Аянай бұл келеңсіздікке үнсіз қалмай, клубты сотқа беріп, жауапқа тартпақшы. Клуб шын мәнінде адам тағдырына бас қатырып отырған жоқ. Айтпақшы, сол күнгі матчта «Ақтөбе» өз үйінде 1:1 есебімен тең түсіп, Қазақстан Кубогынан ұшып кетті. Ойыннан ғана емес, адамгершіліктен де ұтылған.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика