Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді 29 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Түркістанда өгей әке келіні мен ұлын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді 29 тамызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамы Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті

    LRT астында ас пісірген: Астанадағы оқиға елдің есін шығарды

    LRT астында ас пісірген: Астанадағы оқиға елдің есін шығарды
    instagram.com/ardaq_style парақшасындағы видеодан скрин

    Әлеуметтік желіде Астанадағы жұмыс істеп тұрған LRT желісінің астындағы жылы автобус аялдамасында электрплита мен қазан қойылған видео тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Кадрлардан аялдама ішінде еденге қосылып тұрған электрплита қойылғанын, оның үстінде үлкен қазан тұрғанын көруге болады. Болжам бойынша, ішінде ас дайындалып жатқан болуы мүмкін. Жанында телефонмен сөйлесіп жүрген әйел байқалады, алайда оның бұл жағдайға қатысы бар-жоғы белгісіз.

    «LRT салынса, Дубай боламыз деген еді. Ал қазір LRT астындағы аялдамада ас пісіріп, Мумбайға айналып бара жатқан сияқтымыз. Аялдама – тамақ әзірлейтін жер емес, өрт шығуы мүмкін», – делінген видео сипаттамасында.

    Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық орында электрплитаны пайдалану қауіпті екенін айтып, мұндай жағдай өртке себеп болуы мүмкін екенін жазуда. Кейбір пікір қалдырушылар бұл әйелдің аялдама ішінде бұған дейін де ас дайындағанын көргендерін айтқан.

    Агенттікке City Transportation Systems компаниясы автобус аялдамаларына Астана қаласы әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жауапты екенін хабарлады.

    Ал әкімдікте бұл жағдайға қатысты пікірді полиция департаменті бере алатынын айтты. Редакция полицияға ресми сауал жолдады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →