Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Таяу Шығыстағы шырғалаң: Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан елге жеткізуге 4 млн доллар жұмсалған

    Таяу Шығыстағы шырғалаң: Қазақстандықтарды Таяу Шығыстан елге жеткізуге 4 млн доллар жұмсалған

    Фото: gov.kz

    Қазақстан Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстар кезінде өз азаматтарын эвакуациялауға шамамен 4 млн доллар жұмсаған. Бұл қаражат жеке әуе компаниялары көтерген шығындарды өтеуге бағытталған, деп хабарлайды 24KZ—ке сілтеме жасаған Qazaqtoday.info порталы.

    Бұл туралы ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

    Оның айтуынша, мемлекет жекеменшік тасымалдаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеген. Министрдің айтуынша, алғашқы кезеңде эвакуациялануы тиіс азаматтар саны 4 мыңға жуық болған. Кейін бұл көрсеткіш 10 мың адамға дейін өскен. Сондай-ақ жолаушылардың жартысында әуе компанияларынан қайтар билет болғандықтан, тасымал шығындарының бір бөлігі алдын ала төленген. Үкімет тек сақтандыру тәуекелдеріне байланысты шығындардың белгілі бөлігін өтеген. Бұдан бөлек, Қазақстандық әуе компаниялары қосымша рейстер ұйымдастырып, эвакуация Дубай және көршілес қауіпсіз елдер арқылы жүзеге асырылды.

    «Дубайдағы азаматтардың бір бөлігін жағдайы тұрақты елдерге жеткізуіміз керек болды. Барлық шығын шамамен 4 млн долларды құрады», — деді министр.

    Министр барлық эвакуациялық шараларға шамамен 4 млн доллар жұмсалғанын айтты. Еске салайық, Таяу Шығыстағы жағдай шиеленіскен кезде бірқатар қазақстандық қиын жағдайда қалған еді. Тұрақты әуе рейстері бұзылып, әуе қатынасы тұрақсыз жұмыс істеген. Осыған байланысты азаматтарды қауіпсіз елдерге шұғыл эвакуациялау қажет болды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →