Тоқаев: Түркі елдерінің бірлігі – күрделі замандағы басты тірек

Тоқаев: Түркі елдерінің бірлігі – күрделі замандағы басты тірек

Сурет: zhaiyqmedia.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде сөз сөйлеп, қазіргі күрделі геосаяси ахуалда түркі елдерінің ынтымағы ерекше маңызды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргідей алмағайып заманда түркі мемлекеттерінің ауызбіршілігі ортақ мүдделерді қорғап, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың басты кепілі болып табылады. Ол бірлескен күш-жігер арқылы ғана кез келген қиындықты еңсеруге болатынын атап өтті.

Саммит барысында Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның болашақ қызметіне қатысты бірқатар ұсыныс жасап, ортақ жобаларды іске асырудың маңыздылығына назар аударды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика