Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Тоқаев: Ғарыш саласы түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттырады

    Тоқаев: Ғарыш саласы түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттырады

    Фото: Ақорда

    ТМҰ елдерінде ғарыш саласын жүйелі дамытуда ғылыми-технологиялық әлеуеті жеткілікті. Бұл туралы бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    — Ғарыш саласы түркі мемлекеттерінің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал ететін негізгі фактордың бірі. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту үшін елдеріміздің ғылыми-технологиялық және қаржылық әлеуеті жеткілікті. Әсіресе, спутник байланысы, навигация және мониторинг саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ықпалдастығымызды кеңейте түсу қажет. Сол арқылы технологиялық дербестігімізді нығайтып, инновациялық әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік туады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Осы орайда Президент ғылыми спутникті іске қосудың маңыздылығын атап өтті.

    Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті басталды. Саммитке ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары — Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →