Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 7 қыркүйек 2026 $ 455,9 529,3 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО) Қазақстандық блогер Дональд Трамптың үлкен ұлына шапан жапты (ВИДЕО) Майами әуежайында ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты Асхат Асылбеков қазіргі вице-президент Ерлан Қарин үшінші президент болуы мүмкін екенін айтты (ВИДЕО) Тоқаев Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Жезқазғанда аула қараусыз қалған: тұрғын асфальт пен жарық мәселесін көтерді Мүфтият Құран жарысынан бірінші орын алған жас қариге көлік мінгізді (ФОТО)

    Алдағы күндері ел аумағында үсік жүреді

    Алдағы күндері ел аумағында үсік жүреді

    Фото: Pixabay

    «Қазгидромет» РМК 16-18 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Елдің батыс және оңтүстік өңірлері оңтүстік циклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, ал 18 мамырда батыста қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

    16–17 мамыр түндерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, ал оңтүстікте шаңды дауыл болады. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

    Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

    Күндізгі ауа температурасы:

    • батыста +30…+37°C-тан +25…+30°C-қа дейін төмендейді;
    • солтүстік-батыста +25…+30°C;
    • солтүстікте +20…+30°C-тан +15…+20°C-қа дейін төмендейді;
    • орталықта +25…+30°C-тан +29…+34°C-қа дейін жоғарылайды;
    • шығыста +12…+20°C;
    • оңтүстікте +30…+35°C-тан +33…+40°C-қа дейін жоғарылайды;
    • оңтүстік-шығыста +18…+25°C-тан +25…+32°C-қа дейін көтеріледі.

    https://kaz.inform.kz/news/aldagi-ush-kunde-kar-aralas-zhanbir-zhauip-usk-zhured-31ddbbef

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →