Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Жетісу облысында 11 жастағы қызды экскаватор басып, қаза тапты • Жайдарманнан мәслихатқа дейін: Белгілі жайдарманшы депутаттыққа үміткер атанды • Шымкентте күрес шеберін ұрлап өлтірген алты адам сотталды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді •

    Өскемендегі жарылыстың себебін ведомствоаралық комиссия анықтайды

    Өскемендегі жарылыстың себебін ведомствоаралық комиссия анықтайды

    Өскеменде «Қазмырыш» кәсіпорнында болған жарылысқа байланысты ведомствоаралық комиссия құрылады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    ШҚО әкімдігінің хабарлауынша, апатқа байланысты жедел штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов төрағалық етті.

    Аймақ басшысы өз сөзінде үйінді астында қалған зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жалғастырып, апат толық жойылғанға дейін ТЖД қызметкерлерінің сол жерде болуы қажеттігін жеткізді.

    Жарылыстың нақты себебін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылады.

    «Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруы тиіс. ШҚО Экология департаменті апатты жою штабы жұмыс істеген кезеңде атмосфералық ауа сапасына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізуі қажет. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі», – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

    Өндірістік циклдің одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін бағалау бойынша тиісті шаралар қабылданбақ. Сондай-ақ кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасының сақталуына бақылау күшейтіледі. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында екені айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →