TikTok-тағы «науқас» әйелге 2,3 млн теңге аударған: Ақмола тұрғыны алаяққа алданды

TikTok-тағы "науқас" әйелге 2,3 млн теңге аударған: Ақмола тұрғыны алаяққа алданды

Ақмола облысының тұрғыны TikTok желісінде өзін науқас ретінде таныстырған бейтаныс әйелге 2,3 миллион теңге аударып, алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

Жәбірленуші әлеуметтік желідегі видеоны көргеннен кейін әйелмен WhatsApp арқылы хат алмасқан. Алаяқ алдымен «емделуге» деп ақша сұрап, кейіннен өзінің «қайтыс болғанын» хабарлап, жерлеу рәсіміне және артында қалған төрт баласына қаражат қажет екенін айтқан. Нәтижесінде ер адам 64 рет ақша аударып, несие алып, таныстарынан қарызға батқан.

Ер адамның әпкесі оның жазбаларын байқағаннан кейін жәбірленуші полицияға арызданған. Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ретінде Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны анықталып, оның оқиғаға қатыстылығы тексерілуде. Полиция қызметкерлері азаматтарды әлеуметтік желідегі көмек сұрау хабарламаларына сенбеуге шақырады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика