Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ел футболы: әйелдер лигасының екінші туры басталмақ

    Ел футболы: әйелдер лигасының екінші туры басталмақ

    Фото: Kffleague.kz

    Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді. А конференциясында — 9 команда, В конференциясында — 10 команда ойнайды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.

    Бүгін, 4 мамырда А конференциясында командалар өзара сайысқа түседі.

    А конференциясы

    «Каспий» (Ақтау) — «Қайсар» (Қызылорда)

    «Ұлытау» (Жезқазған) — «Тұран» (Түркістан)

    «Қайрат» (Алматы) — «Ордабасы» (Шымкент)

    «Жетісу» (Талдықорған) — «Атырау»

    5 мамыр

    В конференциясы

    «Елімай» (Семей) — «Тобыл» (Қостанай)

    «Қызылжар» (Петропавл) — «Ертіс» (Павлодар)

    «Алтай» (Өскемен) — «Шахтер» (Қарағанды)

    «Ақтөбе» — «Астана»

    «Жеңіс» (Астана) — «Оқжетпес» (Көкшетау).

    Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.

    Еске салсақ, алғашқы турдан кейін «Ақтөбе» командасы турнир кестесінде көш басында келеді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →