Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды • Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды • Тоқаев Ақтоғай мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысты •

    Бұқтырма су қоймасы маңындағы орман өрті ауыздықталды

    Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы маңындағы Аюда шатқалында орман өртенді. ТЖМ күштері мен тікұшақ жұмылдырылып, өрт оқшауланды.

    Бұқтырма су қоймасы маңындағы орман өрті ауыздықталды

    Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында Бұқтырма су қоймасының жанындағы орман алқабы өртенді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.

    Аюда шатқалындағы Приморск орманшылығы аумағында тұтанған қызыл жалынды сөндіруге ТЖМ күштері жұмылдырылып, қазіргі уақытта өрт оқшауланды.

    Өртпен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы, орман шаруашылығы қызметкерлерінің десанты және ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы тартылды. Өрт сөндіру жұмыстары таулы жер бедері мен екпінді желдің салдарынан күрделене түскен.

    Ведомствоның хабарлауынша, құтқарушылар мен орманшылардың бірлескен күш-жігерінің арқасында тілсіз жаудың одан әрі таралуына жол берілмеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →