Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    «Музейге тапсырамын»: Баян Алагөзова камзол дауына нүкте қойды

    «Музейге тапсырамын»: Баян Алагөзова камзол дауына нүкте қойды

    Фото: видеодан скрин

    Белгілі продюсер Баян Алагөзова тарихи «Қыз Жібек»фильміндегі аңызға айналған камзол төңірегіндегі дауға қатысты өз пікірін білдіріп, жәдігердің тағдырына нүкте қойды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бүгінде көптеген арудың арманына айналған бұл құнды жәдігерге қатысты продюсердің өзіндік жоспары бар болып шықты.

    Ол аталған киімді музейге өткізбес бұрын, отбасылық маңызды салтанатта пайдаланғысы келетінін жеткізді.

    Продюсердің айтуынша, ол бұл камзолды кенже қызы Айарудың ұзату тойында кигізуді мақсат етіп отыр.

    «Қызымды осы камзолмен ұзатқым келеді, содан кейін ғана оны музейге салтанатты түрде тапсырамын»,-деді Баян Алагөзова.

    Продюсер бұл қадамын тарихи сабақтастық пен әдемі дәстүр ретінде көретінін аңғартты.

    Қазіргі таңда желі қолданушылары бұл мәлімдемені қызу талқылап, жәдігердің болашағына қатысты түрлі пікірлер білдіруде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →