Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Польшада тұтқындалған қазақстандық бостандыққа шықты: Тоқаев шетел басшыларына алғысын білдірді

    Польшада тұтқындалған қазақстандық бостандыққа шықты: Тоқаев шетел басшыларына алғысын білдірді

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшада тұтқындалған Қазақстан азаматының бостандыққа шығуына септігін тигізген Беларусь президенті мен Ресей президентіне ризашылығын білдірді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қазақстан азаматының босатылуына халықаралық келіссөздер ықпал етті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram желісіндегі арнасында мәлімдеді.

    «Польша республикасының аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматы биыл 28 сәуірде бостандыққа шыққаны белгілі. Мұндай нәтижеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан азаматтарын, соның ішінде шетелдегі отандастарымыздың құқығы мен мүддесін дәйекті түрде қорғауының арқасында қол жеткізілді», — делінген хабарламада.

    Президент таяуда Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдай кезінде екі ел конструктивті тұрғыдан ынтымақтаса әрекет еткені үшін ризашылығын білдірді. Ресей Президенті Владимир Путинге де алғыс айту орынды деп санайды.

    Сондай-ақ, Польша президенті Кароль Навроцкий мен премьер-министр Дональд Тускке Польша тарапы орын алған жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, хат жолдайтынын айтты.

    Айта кетейік, ұсталған адам – тыңшылық жасады деген күдікпен тұтқындаған Қазақстанның әскери атташесі еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →