Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Алматыда жаппай төбелес кезінде екі жасөспірім көз жұмды

    Алматыда жаппай төбелес кезінде  екі жасөспірім көз жұмды

    Фото: policia.kz


    Алматыда жасөспірімдер арасында болған жаппай төбелес екі бозбаланың өлімімен аяқталды. Бұл туралы
    QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    КТК арнасының мәліметі бойынша, қайғылы оқиға түнгі уақытта  компьютерлік клубтың маңында  басталып, кейін көшеде үлкен қақтығысқа ұласқан. Қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, жасөспірімдердің бірі досынан көмек сұрап, сөйлесуге шақырған. Сол жерде шамамен 10 шақты жігіт жиналып, соңы төбелеске жалғасқан. Соның салдарынан екі жасөспірім жүрек тұсына тиген пышақ жарақатынан  көз жұмды.

    Қаза тапқандардың бірі – 17 жастағы Ешім Қалдыбай. Ол 9-сыныптан кейін колледжге түсіп, қосымша жұмыс істеп жүрген. Анасының айтуынша, Ешім сол күні кешкісін 13 жастағы інісімен бірге компьютер клубына кеткеннен үйіне оралмаған.

    Марқұмның анасы Әйгерім Тәуекелова ұлының өліміне әлі де сене алмай отыр. Оның айтуынша, оқиға туралы хабар кеш жеткен.

    Баламның жүрегіне пышақ тиген дейді. Бірақ қансырап ауруханаға түскенде неге бізге бірден хабар бермеген? Мүмкін, аман алып қалар ма едік?! – дейді.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция 12 күдіктіні ұстады. Олардың барлығының жасы 17–18 аралығында. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →