Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Германияда Қазақстан азаматы ұсталды

    Германияда Қазақстан азаматы ұсталды
    Фото: depositphotos.com

    Бұған қатысты Deutsche Welle басылымы Германияның федералды прокуратурасына сілтеме жасай отырып, Берлинде шетелдік арнайы қызмет үшін тыңшылық жасау күдігімен Қазақстан азаматының ұсталғанын жазды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Германияда Қазақстан азаматының заңға қайшы әрекеті үшін ұсталды деген ақпаратқа орай ресми сұрау жолдады.

    – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан азаматының заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы тараған ақпаратқа байланысты Германияның құзыретті органдарына ресми сұрау жолданғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта жауап күтілуде, – деді ведомстводан.

    Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті – Қазақстан азаматы Сергей К. 28 сәуір күні Федералдық прокуратура оны тұтқындап, тұрғынжайы мен тағы бір айып тағылмаған тұлғаның үйіне тінту жүргізді.

    Бас прокурор Сергейді ресейлік барлау қызметінің агенті ретінде әрекет етті деп айыптап отыр. Тергеу мәліметінше, ол Германияның Украинаға көрсетіп жатқан әскери көмегі мен неміс қорғаныс өнеркәсібі туралы деректерді, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен роботтарды құрастыратын компаниялар туралы мәлімет берген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →