Қазақстан үшін жаңа мүмкіндік: Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК+ құрамынан шығатынын жариялады

Біріккен Араб Әмірліктері 1 мамырдан бастап ОПЕК және ОПЕК+ альянсынан шығу туралы шешім қабылдады. Сарапшылардың пікірінше, Әмірліктердің альянстан кетуі мұнай өндірісінің көлемі мен баға саясатына айтарлықтай әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы «31 арнаға» сілтеме жасап.

Абу-Даби бұл қадамын әлемдік нарықтағы өзгерістермен және энергия ресурстарына сұраныстың артуымен түсіндіріп, мұнай саясатында еркіндік алғысы келетінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта БАӘ-нің мұнай өндіру әлеуеті жылына 5 миллион тоннаға жетсе де, картель ішіндегі шектеулерге байланысты өндіріс көлемі 3,5 миллион тонна деңгейінде қалып келген. Қаржыгер Расул Рысмамбетовтың айтуынша, бұл шешім әлемдік мұнай бағасының біраз төмендеуіне әкелуі мүмкін, бірақ Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен Ормуз бұғазының жабық болуы жағдайды күрделендіріп тұр.

Аналитиктер бұл оқиға Қазақстан үшін мұнай өндіру көлемін арттыруға қосымша мүмкіндіктер туғызуы мүмкін екенін айтады. Алайда ҚР Энергетика министрлігі Қазақстанның ОПЕК+ ұйымына қатысу форматын өзгертуге ниетті емес екенін және альянс ішіндегі келісімдерді сақтауды жалғастыратынын ресми түрде мәлімдеді.

30 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері барреліне 122,57 долларға дейін өсті. БАӘ билігі картельден шықса да, әлемдік нарыққа мұнайдың тұрақты және сенімді жеткізілуін қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті.

Фото: 7kun.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика