Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады • Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда • Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды • Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады • Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда • Ақтөбе облысында аспандағы жарық құбылысы зымыран ұшырылымымен байланыстырылды • Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес •

    Қостанайдағы қылмыс: 15 жастағы жасөспірімді өгей әкесі өлтіріп алған

    Қостанайдағы қылмыс: 15 жастағы жасөспірімді өгей әкесі өлтіріп алған

    Фото: Pixabay

    Жітіқарада анасын арашаламақ болған 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қостанай облысының Жітіқара қаласында қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 сәуір күні ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, оның соңы ауыр қылмысқа ұласқан.

    Оқиға барысында 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған. Анасына араша түспек болған әйелдің бұрынғы некеден туған 15 жастағы ұлы да жараланып, оқиға орнында көз жұмған.

    Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде әйелдің күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →