Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді • Жетісу облысында 31 жастағы келіншек төртем босанды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді • Жетісу облысында 31 жастағы келіншек төртем босанды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді •

    Трамп қысымнан айырыла ма: Иран АҚШ-қа күтпеген ұсыныс жасады

    Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазын ашуды ұсынды. Басты шарт – Вашингтон теңіз блокадасын тоқтатуы тиіс. Бұл Трампты негізгі қысым құралынан айырады.

    Трамп қысымнан айырыла ма: Иран АҚШ-қа күтпеген ұсыныс жасады
    file_873.jpg

    Иран АҚШ-қа соғысты тоқтатып, Ормуз бұғазын ашу туралы жаңа ұсыныс жасады, бірақ оның басты шарты – Вашингтонның теңіз блокадасын тоқтатуы, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Axios басылымының дерегінше, Тегеран ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздерді кейінге қалдыруға дайын. Ең бастысы – АҚШ-тың Иранға қарсы теңіз блокадасын толығымен алып тастауы тиіс.

    Ақ үй бұл ұсынысты алғанымен, оған қатысты нақты жауап берген жоқ. Басылымның үш бірдей дереккөзі дүйсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран мәселесін талқылау үшін өз командасымен шұғыл кеңес өткізетінін хабарлады.

    Сарапшылардың пікірінше, егер Вашингтон бұл шартқа келіссе, Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердегі ең негізгі қысым құралынан айырылады.

    Дегенмен, Трамптың өзі бұған дейін Fox News арнасына берген сұхбатында блокаданы тоқтатуға ниетті емес екенін аңғартқан.

    «Біз теңіз блокадасын жалғастырамыз. Алдағы бірнеше аптада бұл Тегеранды ымыраға келуге мәжбүрлейді деп үміттенемін», — деген еді АҚШ президенті.

    Axios сондай-ақ Иран басшылығының өз ішінде ядролық келіссөздерге қатысты ортақ пікір жоқ екенін, биліктегілер арасында келіспеушілік барын жазады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →