Вашингтондағы кешкі ас: атыс кезінде Трамп шұғыл эвакуацияланды
Вашингтонда Ақ үй корреспонденттерінің кешкі асы кезінде атыс болып, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның отбасы шұғыл эвакуацияланды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы ресми кешкі ас кезінде болған атысқа байланысты шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Оқиға Ақ үй корреспонденттері қауымдастығының жыл сайынғы дәстүрлі кешкі асы кезінде болған. Дональд Трамппен бірге оның жұбайы, әкімшілік өкілдері мен Конгресс мүшелері де қауіпсіз жерге көшірілді.
Бұл туралы АҚШ президенті өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
«Құқық қорғау органдары хаттамаға сәйкес бізден ғимараттан кетуімізді сұрады», — деп жазды Дональд Трамп.
Сонымен қатар ол бір күдіктінің ұсталғанын хабарлап, оның суретін жариялады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.
Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump
