Президент қатысқан акцияда Жаңа адамдар экологиялық ұстанымын танытты

фото: видеодан скрин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таза Қазақстан республикалық экологиялық акциясына қатысты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Акцияға елдің барлық өңірлерінен келген жастар мен экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты. Шақырылғандар қатарында Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова және Қозғалыстың баспасөз хатшысы Әбілов Алпамыс болды.

Жаңа адамдар Қозғалысы үшін Таза Қазақстан – ең алдымен адамның ойы мен ниетінің тазалығының көрсеткіші. Ол өз кезегінде көшелердің, қалалардың тазалығынан, сондай-ақ жауапты азаматтың әрекеті мен өмір салтынан көрінеді. Конституция деңгейінде бекітілген табиғатқа жанашыр болу, Заң мен Тәртіп қағидаттары және Адал азамат тұжырымдамасы Қозғалыс белсенділері үшін Әділетті Қазақстан құрудағы басты құндылықтық бағдар болып табылады.

Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мөлдір бұлақ бастамасын және Таза Қазақстан жалпыұлттық жобасын іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында Жаңа адамдар Үлкен Алматы көлі аумағында ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика