Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    «Таза Қазақстан»: «Қазақмыс» 800 қызметкерді жұмылдырып, ауқымды сенбілік өткізді

    «Таза Қазақстан»: «Қазақмыс» 800 қызметкерді жұмылдырып, ауқымды сенбілік өткізді

    Фото: Қазақмыс

    «Қазақмыс» Тобы қалалық ортаны жақсарту мен абаттандыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Кезекті көгалдандыру акциясы Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназиясының аумағында «Қазақмыс» Тобының басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің қатысуымен өтті. Компания қызметкерлері бірлесіп, 200 түп ағаш отырғызды.

    Экологиялық іс-шара Қарағанды облысында да өтті. Көгалдандыру жұмысы өндірістік алаңдарда және елді мекендерде жүргізілді: Шешенқара кентінде — 30 түп ағаш, Бақты кентінде — 50 көшет, «Абыз» кенішінде 20 түп ағаш отырғызылса, тағы 20 көшет Қарағанды құю-машина жасау зауытының аумағына егілді.

    Сонымен қатар компанияға қатысы бар аймақтарда сенбілік ұйымдастырылды. Соңғы апта ішінде компанияның 800-ге жуық жұмыскері кәсіпорын аумағы мен қоғамдық кеңістіктерден 580 тоннаға жуық қоқыс жинап, шығарды. Бұл жұмысқа 28 бірлік арнайы техника тартылды. Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында өткен тазалық акциясы Балқаш көлінің жағалауын да қамтыды.

    Мұндай экологиялық бастамалар «Қазақмыс» Тобының өңірлердің экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →