Атырауда бұрын сотты болғандар мектепте жұмыс істеген

Фото: Pixabay

Атырау қаласының прокуроры Мерген Меңдіғалиевтің айтуынша, бірқатар мектепте жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері қолданыстағы заң талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

5 күзетші бұрын сотталған болып шықты. Олардың қылмыстары жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар санатына жатпайды. Қазіргі таңда олардың еңбек шарттары бұзылған.

Сонымен қатар, 51 жастан 72 жасқа дейінгі 177 күзетші білім басқармасы бекіткен мектептердегі күзет қызметіне қойылатын жас талаптарына сәйкес келмеген.

Тексеру барысында кейбір мектептегі бейнебақылау камералары мен Police SOS дабыл түймелері де істен шыққаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде барлық анықталған заңбұзушылықтар жойылды. 19 мектеп директоры ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылса, тағы бесеуіне сөгіс берілген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика