Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз тепкілеген ер адам ұсталды

Алматыда белгісіз ер адам аялдамада тұрған егде жастағы әйелді аяусыз соққыға жықты. Бұл жантүршігерлік оқиға туралы жәбірленушінің қызы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, оқиға «Алматы санаторийі» көшесіндегі аялдамада болған. Жасы жиырма бес-отыздардағы жігіт айналада ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, 66 жастағы әйелдің артынан келіп, басынан және денесінің жоғарғы бөлігінен жұдырықпен ұрып, аяқпен тепкілеген. Жәбірленуші қазір ауруханада жатыр.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қылмыс ізін суытпай ашылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді қалалық ПД өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті тергеуге бағытталған тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика