Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды • Елена Рыбакина дәстүрлі қытай киімін киіп, әлеуметтік желіде бейне жариялады • Астанада Tesla көлігімен соқтығысқан жүк көлігі көпірден құлап кетті • Өзбекстанда шенеуніктерді рұқсатсыз тергеуге қылмыстық жаза енгізілді • Талдықорғанда наубайхана өртеніп, 40 жастағы жұмысшы зардап шекті • Әлемнің ең ірі 10 әуежайы: 2025 жылы жолаушылар саны бойынша көшбасшылар • Солтүстік Қазақстанда Audi 80 аударылып, үш әйел жарақат алды •

    Қазақстандық киберспортшы әйгілі футболшы Неймармен жүздесті

    Қазақстандық киберспортшы әйгілі футболшы Неймармен жүздесті

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Ол Бразилияда даңқты футболшы Неймармен кездесті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бұған дейін Неймар мен Данилдің байланысы қыркүйек айында басталды. 2025 жылы қазақстандық ойыншы FURIA сапында чемпион атанған кезде бразилиялық жұлдыз оның жетістігін әлеуметтік желіде құттықтап, пікір қалдырған. Ал 2026 жылдың сәуірінде Неймар Данилдің жазбасын сторисіне бөлісіп, бразил тілінде «Бұл Molodoy ма?» деген сұрақты қойды.

    Тіпті, олардың қарым-қатынасы әлеуметтік желіден тыс та жалғасқан. Неймар қазақстандық киберспортшыны өзі доп тебетін «Сантос» клубының матчына арнайы шақырып, ойыннан кейін екеуі бірге суретке түскен.

    Айта кетейік, IEM Rio турнирінде «Molodoy» өнер көрсеткен команда жартылай финалға дейін жеткенімен, Team Falcons ұжымына есе жіберіп, финалға шыға алмады.

    Мolodoy нигімен танымал Данил Голубенко – халықаралық аренада танылып келе жатқан қазақстандық киберспортшы. Ол 2025 жылдың қорытындысы бойынша беделді HLTV Awards Rookie of the Year марапатын иеленіп, жыл жаңалығы саналған.

    Бұл кездесу жанкүйерлер арасында «қазақ-бразил бір туған» деген секілді жылы пікір қалыптастырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →