Жылыой зиратынан шашылған адам сүйектері табылды

Фото: видеодан скрин

Жылыой ауданындағы Қаратон аумағында орналасқан ескі зират жұртты шошытқан көрініске айналды. Құм көшіп, қабірлер ашылып, адам сүйектері жер бетіне шығып қалған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, кей жерлерде сүйектер ашық шашылып жатыр. Бұл зират шамамен өткен ғасырдың басында пайда болған.
Аумағында 1949, 1950 және 1965 жылдары қойылған құлпытастар сақталған.

Мамандар мұндай жағдайға табиғи фактор — құмның жылжуы себеп болуы мүмкін екенін айтады. Алайда жергілікті халық бұл жердің қараусыз қалғанына алаңдап отыр.

Кей тұрғындар зиратты қоршап, қайта қалпына келтіру керек дейді. Әзірге жауапты органдар тарапынан нақты шаралар туралы ақпарат берілген жоқ. Адам сүйектері ашық жатқан аумақтың тағдыры енді қалай шешілетіні белгісіз.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика