Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    «Оқитын, зияткер ұлт»: Тоқаев кітап оқу туралы жаңа жарлық шығарады

    Президент Тоқаев Ұлттық кітап күнімен құттықтап, "оқитын, зияткер ұлт" қалыптастыру үшін жаңа жарлыққа қол қоятынын хабарлады.

    «Оқитын, зияткер ұлт»: Тоқаев кітап оқу туралы жаңа жарлық шығарады
    file_860.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы жақын арада кітап оқуды насихаттауға бағытталған жаңа жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президент цифрландыру дәуіріне қарамастан, кітаптардың «рухани-адамгершілік құндылықтар әлеміне жетелейтін сенімді жолсерік» болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамда, әсіресе жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылық қайта артып келеді.

    «Кітап оқу мәдениеті жасанды интеллект дәуірінде де ұлтымыздың мінез-құлық кодының ажырамас бөлігі болып қалуы тиіс», — деп баса айтты Тоқаев.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде кітап оқуды дәріптеу және «оқитын, зияткер ұлтты» қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қоятынын хабарлады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →