Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) •

    Алматыда ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

    Алматыда ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

    Фото: t.me/tiekkz

    Бүгін, 21 сәуірде Алматы жұртшылығы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне жиналды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Президенттің көңіл айту жеделхатын қаралы жиында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді.  Ұлттық рухтың жыршысын ақтық сапарға шығарып салуға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, замандастары мен ақын шығармашылығының қалың табынушылары келген.

    Айта кетейік, ақынды жерлеу орнына қатысты бұған дейін қоғамда түрлі пікір айтылған болатын. Мұхтар Шахановтың жұбайы Мемлекет басшысына хат жолдап, ақынның соңғы аманатын орындауды сұраған еді.

    Мұхтар Шахановтың өмір жолы тек әдебиетпен шектелген жоқ. Ол журналистикадан бастап, саясатқа дейінгі кең ауқымда қызмет етті. Кезінде КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Қазақстан Парламентінде депутат болды, ұлттық мүдде мәселелерінде батыл позициясымен танылды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысты Кремль мінберінен сөз сөйлеген санаулы тұлғалардың бірі.

    Ақын 19 сәуір күні 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Соңғы жылдары отбасыдағы ауыр қайғылар мен денсаулықтың сыр беруі оның жағдайына әсер еткені айтылып жүр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →