Фото: видеодан скрин
Семейдегі Восточный ауданындағы көпірдің жағдайы жұрттың ашуын туғызды. Тұрғындар жолдың ойылып, жүруге қауіпті болып қалғанын айтып, дабыл қағып жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.
Бұған дейін бұл мәселеге байланысты қызметтер келіп, жөндеу басталды деген ақпарат тараған. Алайда халықтың айтуынша, жағдай жақсармақ түгілі, кей жері тіпті нашарлап кеткен.
Көлік жүргізушілері күнде сол жолдан өту – жүйкені жұқартатын сынаққа айналғанын айтады. Шұрық-тесік асфальт, батпақ пен ойықтар қозғалысты қиындатып отыр.
Енді тұрғындар “нақты не істелді, қанша қаржы жұмсалды?” деген сұраққа жауап талап етуде.
Сондай-ақ атқарылған жұмыстың сапасына құқықтық баға беруді сұрап отыр. Әкімдік тарапынан әзірге нақты түсініктеме берілген жоқ.
Видео: oo_osa_semey__vko
