Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Мектептегі мәдениетсіздік: сабақ үстінде карта ойған оқушылардың кесірінен директор қызметінен кетті

    Мектептегі мәдениетсіздік: сабақ үстінде карта ойған оқушылардың кесірінен директор қызметінен кетті

    Фото: freepik.com

    Түркістан облысында сабақ кезінде оқушылардың карта ойнауына байланысты мектеп басшылығы түгелге жуық жауапқа тартылып, бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен кетті, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода 11-сынып оқушылары сабақ үстінде карта ойнап отырғаны көрінеді. Сол сәтте сыныптағы бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі жағдайға мән бермей, телефонмен сөйлесіп отырған.

    Аталған жағдайдан кейін білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген. Нәтижесінде мектептегі тәртіп пен бақылаудың әлсірегені анықталып, жауапты тұлғаларға қатысты шешім қабылданды.

    Тексеріс қорытындысы бойынша мектеп директоры тараптардың келісімімен қызметінен босатылған. Оқиғаға жол берген педагог өз еркімен жұмыстан кеткен. Сонымен қатар тәрбие ісі және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары да қызметтерінен шеттетілген.

    Бұл оқиға тек мектеп ұжымымен шектелмей, оқушылардың ата-аналарына да әсер етті. Карта ойнаған жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына ресми ескерту берілген.

    Білім бөлімі тарапынан жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, кінәлілерге қатысты тәртіптік және заңда көзделген өзге де шаралар қабылданатыны айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →