Қарағандыда киік көбейді, салдары – мал қырылып жатыр: билік қайда қарап отыр?

Фото: видеодан скрин

Қарағанды облысының Нұра ауданындағы Баршын ауылында малдың жаппай қырылуы жұртты алаңдатып отыр. Тұрғындардың айтуынша, өңірде киік саны шамадан тыс көбейіп, жайылымдағы шөпті түгелге жуық жеп қойған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Салдарынан төрт түлікке азық жетпей, мал аштықтан қырыла бастаған. Әсіресе қыс мезгілінде шығын көбейіп, жылқы шаруашылығы қатты зардап шеккен.

Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын 90–110 миллион теңгеге жеткен. Бірақ бұл тек ресми тіркелгені ғана, нақты шығын бұдан да көп болуы мүмкін.

Тұрғындар бұрын табиғи ресурстар киікке де, малға да жеткенін айтады. Алайда соңғы жылдары жауын-шашын азайып, шөптің шығымы төмендеген.

Соның үстіне киіктердің бақылаусыз көбеюі жағдайды ушықтырып отыр.

Ауыл халқы биліктен киік санын реттеу немесе қорықтарға көшіру бойынша нақты шешім күтеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика