Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Кепілдіктен бас тарту: Неге мемлекет зейнетақы жинағын инфляциядан қорғауды тоқтатты және бұл миллиондаған қазақстандыққа не әкеледі? Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты

    «Тағы бір белес»: Төреғали Төреәлі жетінші перзентінің есімін жариялады (ФОТО)

    «Тағы бір белес»: Төреғали Төреәлі жетінші перзентінің есімін жариялады (ФОТО)

    Фото: toregalitoreali

    Танымал әнші Төреғали Төреәлі әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Өнер иесі қызының есімін жариялап, жағдайымен бөлісті.

    «Мәриәм — қош келдің, жарық дүниеге! Аллаға шүкір, бүгін жетінші перзентім дүниеге келді. Бұл — жай ғана жаңалық емес. Бұл — өмірдің жаңа тынысы. Жауапкершіліктің жаңа деңгейі. Толқында бұл жолы төртінші рет кесар тілігі болды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым. Қызымды өз қолыммен қарсы алдым. Ота үстінде қарап тұру — оңай емес. Бірақ сол бір сәт… ол қорқыныштан да, ауырлықтан да биік тұрды. Бұл — өмірдің қалай басталатынын көру. Бұл — Алланың құдіретін көзбен сезіну. Қызымыздың есімін Мәриәм деп қойдық. Бұл есім — жүрекпен қабылданған шешім. Нағашы атасы @turarbek_tumanshiev_ пен нағашы әжесі екеуі ырымдап, осы атты ұсынды. Ал кіндік әкесі мен кіндік шешесі — менің продюсерім Жан Муканов пен Асыл жеңгем болатын болды. Бұл да — сенім. Бұл да — жақындық. Аллаға сансыз шүкір, анасы да, қызым да аман-есен. Мәриәм, сенің келуің — мен үшін тағы бір белес. Мен енді тек әке емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын. Жолың жарық болсын. Өмірің нұрлы болсын. Әкең әрдайым жаныңда. 19:00 / 07.04.2026″, — деп жазды әнші.

    Оқырмандары құттықтап, әзгі тілектерін жаудырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →