Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты көңіл айтты «Сарбаздарға дұғада болайық»: Нұрлан имам халықты сабырға шақырды «Алла сабыр берсін»: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты Азиада-2026: Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері Бозымбаев Ақтауға шұғыл ұшады: Бектенов Маңғыстаудағы әскери қызметшілер өлімін тергеуді тапсырды Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Президент әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты көңіл айтты «Сарбаздарға дұғада болайық»: Нұрлан имам халықты сабырға шақырды «Алла сабыр берсін»: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты Азиада-2026: Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері Бозымбаев Ақтауға шұғыл ұшады: Бектенов Маңғыстаудағы әскери қызметшілер өлімін тергеуді тапсырды Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады

    Алматыда самокаттарды тәркілей бастады: қайда шағымдану керек?

    Алматы әкімдігі балалар алаңына тасталған самокаттардың заңсыз екенін мәлімдеді. Полиция мұндай көлік құралдарын тәркілейтінін ескертті.

    Алматыда самокаттарды тәркілей бастады: қайда шағымдану керек?
    file_775.jpg

    Алматыда балалар ойнайтын алаңдарға ретсіз тасталған самокаттарға қатысты шағым көбейді. Қала әкімдігі мұндай әрекеттің заңсыз екенін ескертіп, тұрғындарға қайда хабарласу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Шенеуніктердің айтуынша, самокаттарды ойын алаңдары сияқты арнайы орындарда қалдыру жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына кедергі келтіріп, балалардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Жол жүру ережелеріне сәйкес, қозғалысқа бөгет жасайтын жерлерде көлік тұрағын жасауға тыйым салынған.

    Егер тұрғындар ойын алаңдарында немесе басқа да қоғамдық орындарда қараусыз қалған самокаттарды байқаса, полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуы керек.

    «Тиісті орынға қойылмаған көлік құралдары анықталған жағдайда тәркіленетін болады», — деп ескертті полиция өкілдері.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →