Алматыда самокаттарды тәркілей бастады: қайда шағымдану керек?

Алматыда балалар ойнайтын алаңдарға ретсіз тасталған самокаттарға қатысты шағым көбейді. Қала әкімдігі мұндай әрекеттің заңсыз екенін ескертіп, тұрғындарға қайда хабарласу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Шенеуніктердің айтуынша, самокаттарды ойын алаңдары сияқты арнайы орындарда қалдыру жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына кедергі келтіріп, балалардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Жол жүру ережелеріне сәйкес, қозғалысқа бөгет жасайтын жерлерде көлік тұрағын жасауға тыйым салынған.

Егер тұрғындар ойын алаңдарында немесе басқа да қоғамдық орындарда қараусыз қалған самокаттарды байқаса, полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуы керек.

«Тиісті орынға қойылмаған көлік құралдары анықталған жағдайда тәркіленетін болады», — деп ескертті полиция өкілдері.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика