Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды Ақмола облысында көлік суға батып, екі қыз қайтыс болды Тараздық зейнеткерлер мен мүгедектер тегін дәрі үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр «Өзіңе жасаған қиянат»: Тамара Асар кандидаттыққа ұсынылуы жайында айтты «Қыз зорлау дерегі»: Қайрат Нұртасқа қатысты дауға полиция мәлімдеме жасады

Теміртауда зейнеткерді соққандар 7 жылға сотталды: әкім орынбасары да жазаланған

Теміртауда зейнеткерді видеоға түсіріп, аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша шенеуніктер де жазаланған.

Теміртауда зейнеткерді соққандар 7 жылға сотталды: әкім орынбасары да жазаланған
file_774.jpg

Теміртауда зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, оны видеоға түсіріп мазақ еткен кәмелетке толмағандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Сот тергеуінің мәліметінше, оқиға биылғы жылдың ақпан айында болған. Жасөспірімдер тобы қарт адамның пәтеріне екі рет басып кіріп, оны соққыға жыққан және барлық әрекетін ұялы телефон камерасына түсіріп отырған.

Сонымен қатар сотталушылардың бірі 95 мың теңге көлемінде тонау қылмысын жасағаны үшін де кінәлі деп танылды.

Сот шешімімен шабуылға қатысушылар 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұған дейін осы шулы оқиғаға байланысты қаладағы бірнеше педагог пен қала әкімінің орынбасары да жауапқа тартылғаны белгілі болған.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →