Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады • Ыстанбұлда қаза тапқан Айсұлу Бекмаханованың ісіне қатысты тың деректер белгілі болды • Корал Харт ЖИ көмегімен 370-тен астам кітап шығарып, $1 млн табыс тапты • Жасанды интеллект: адамзат мүмкіндіктерін кеңейту мен қауіптер арасындағы тепе-теңдік • Қытай кредиттері: Пакистан 22,38 млрд доллар қарызбен көш бастады • Астанадағы әлем чемпионаты: Қазақстан екі қола медаль алды • «Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионын мерзімінен бұрын анықтады •

    Ел тұрғыны сот арқылы ұлтын өзгертіп, неміс болып тіркелді

    Ел тұрғыны сот арқылы ұлтын өзгертіп, неміс болып тіркелді

    Фото: Stan.kz

    Германияға «кеш қоныс аударушылар» бағдарламасы бойынша баруды көздеген қазақстандық азамат сотқа жүгініп, құжаттарындағы ұлтын итальяннан неміске өзгертуге қол жеткізді. Сот оның әке жағынан неміс әжесі бар екенін ескеріп, талапкердің өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстанда ерекше жағдай тіркелді: ел азаматы сот арқылы өзінің құжаттарындағы ұлтын өзгертуге қол жеткізді. Енді ол бұрын көрсетілген итальян ұлтының орнына неміс ұлты ретінде тіркелді.

    Азамат Германиядағы «кеш қоныс аударушылар» бағдарламасына қатысуды жоспарлаған. Сол себепті ол құжаттарындағы ұлты туралы мәліметті өзгерткісі келген. Ресми деректер бойынша оның әкесі итальян, анасы орыс ұлтынан. Алайда әке жағынан әжесі неміс болғандықтан, ол өзін неміс ұлтына жатқызуға негіз бар екенін алға тартқан.

    Тиісті тіркеу органы оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, алдымен әкесінің ұлтын өзгерту қажет екенін айтқан. Бұл шешіммен келіспеген азамат сотқа жүгінеді.

    Сот іс материалдарын қарастыра келе, қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтың ұлтын өзгертуге құқығы бар екенін атап өтті. Заң бойынша ұлтты тек ата-анасының біріне ғана байланысты емес, басқа да өмірлік жағдайларға қарай таңдауға мүмкіндік беріледі.

    Нәтижесінде сот талапкердің өтінішін қанағаттандырып, оның құжаттарындағы ұлты туралы деректі өзгертуге рұқсат берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →