Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО) Қаптың ішіне төгілген қан: 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ Жеке үйге ілуге рұқсат: Қазақстанда Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа тәртібі Қарақия әкімі алты балалы әйелге «Күміс алқа» бермей қойған Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген Кек қайтару: Бельгия футболшылары АҚШ командасын жеңіп, алаңда «Трамптың биін» билеген (ВИДЕО) Қаптың ішіне төгілген қан: 12 жастағы қызды зорлап өлтірген жігітті халық ұрып өлтірді Елімізге шетелден алма әкелуге алты айға тоқтау салынбақ Жеке үйге ілуге рұқсат: Қазақстанда Мемлекеттік туды пайдаланудың жаңа тәртібі Қарақия әкімі алты балалы әйелге «Күміс алқа» бермей қойған Павлодарды уысында ұстаған: бандылар студенттер мен жұмысшыларды тонап келген

«Теріс сөз өз иесіне қайтады»: Жазира Байырбекова көпшілікке үндеу тастады

«Теріс сөз өз иесіне қайтады»: Жазира Байырбекова көпшілікке үндеу тастады
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақстандық әнші Жазира Байырбекова коуч Айнұр Тұрсынбаеваның ұйымдастыруымен өткен психологиялық ретритке қатысып, алған әсерін әлеуметтік желіде бөлісті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Өнер иесі ретрит барысында өзін жаңа қырынан танығанын жасырмады.

“Айекемді бұрыннан танып, өмірде қандай екенін білемін ғой. Бірақ ретритта оны мүлдем басқа қырынан – терең, кәсіби психолог ретінде таныдым”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші бұл тәжірибе өзіне ерекше әсер еткенін атап өтті.

“Психологиялық ретритіне қатысып, өзімді жаңадан танығандай болдым. Егер тағы ретриті болса, міндетті түрде қатысыңыздаршы”, – деді Жазира Байырбекова.

Бұдан бөлек, коуч Айнұр Тұрсынбаева да өз ойымен бөлісіп, сөздің қуаты туралы маңызды пікір айтты.

“Жақсы сөйле, болмаса үндеме. Ауыздан шыққан әрбір сөз – дұға. Сондықтан тек жақсыны айтып, жақсылық тілейік. Ауыздан шыққан әрбір сөздің салмағы бар. Жақсы сөз жақсылықты шақырады, ал теріс сөз өз иесіне қайта оралады. Сондықтан тек жақсыны айтып, жақсылық тілейік. Баяғыда талай ақындар мен айтыскерлер де ауыр, мұңды сөздерді көп айтып, сол сөздерінің әсерін өмірінен көріп кеткен деседі…”, – деді ол.

Айта кетейік, соңғы уақытта қазақстандық танымал тұлғалар арасында психологиялық ретриттерге қатысу трендке айналып келеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика