Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады • Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды • Алматы облысында жеңіл көлік дүкен қабырғасын бұзып, сауда залына кірді • Байқоңырда 17 жастағы жасөспірім полицейді тістеп алды • Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады • Рыбакина Нинбодағы финалға шығып, титулын қорғауға бір қадам жасады • 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады: облыстар бойынша болжам • Атырауда қызының TikTok-тағы балағаты үшін анасына әкімшілік хаттама толтырылды •

    Трагедия: Италия жағалауында мигранттар жанармай буына уланып өлді

    Италия мен Түркия жағалауында заңсыз мигранттар мінген екі қайық апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғалардан 40-қа жуық адам көз жұмды.

    Трагедия: Италия жағалауында мигранттар жанармай буына уланып өлді
    file_762.jpg

    Италия мен Түркия жағалауында заңсыз мигранттар мінген екі қайық апатқа ұшырап, 40-қа жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Алғашқы қайғылы оқиға Италияның Лампедуза аралы маңында болған. Бортында 77 мигранты бар кемеден 19 адамның денесі табылды. Аман қалған 58 адамның айтуынша, олардың көбі суықтан үсіп, жанармай буына уланып көз жұмған.

    Екінші апат Түркияның Мугла провинциясының жағалауында тіркелді. Жағалау күзетінен қашпақ болған қайық аударылып, 19 адам суға кеткен. Олардың арасында бір бала бар.

    Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, жыл басынан бері осы аймақта қаза тапқан босқындар саны 624 адамға жеткен.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →