Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Республика күні қарсаңында ІІМ мен Ұлттық ұланда әскерилер мен полицейлер марапатталды • ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды •

    Air Astana Дубайға ұшатын рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

    Air Astana Дубайға ұшатын рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

    Фото: Air Astana

    Таяу Шығыстағы қақтығыс әлі жалғасып жатқандықтан, Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді тоқтату мерзімін 1 сәуірден 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартуға мәжбүр болып отыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ұшуды алдын-ала жоспарлап, алайды ұша алмай қалған жолаушыларға келесідей нұсқаулық ұсынылды:

    • билет құнын толық қайтарып беру (айыппұлсыз);
    • Дубайға 30 маусымға дейін (қоса алғанда) ұшатын рейстерді тегін қайта брондауға мүмкіндік беру;
    • әуекомпанияның басқа бағыттарына айыппұлсыз қайта брондауға болады (тариф айырмасы мен әуежай алымдары бойынша қосымша төлем болуы мүмкін), сапар мерзімі 30 маусымға дейін (қоса алғанда).

    Әуекомпания Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият бақылап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →