Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті

Астанада тарихи сәт: Қазақстан құрамасы ФИФА кубогын жеңіп алды

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА ұйымдастырған жаңа турнирде жеңіске жетті. Астанада өткен финалда команда Комор аралдарын 1:0 есебімен ұтты.

Астанада тарихи сәт: Қазақстан құрамасы ФИФА кубогын жеңіп алды
file_759.jpg

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның ұйымдастыруымен өткен FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды. Финалдық ойында ұлттық команда Комор аралдары құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

«Астана Арена» стадионында өткен шешуші кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 4-минутта жартылай қорғаушы Рамазан Оразов соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екі ойында алты ұпай жинап, жаңа турнирдің тұңғыш жеңімпазы атанды. Бұған дейін Магомед Адиевтің шәкірттері Намибияны 2:0 есебімен тізе бүктірген еді. Таяу Шығыстағы әскери жағдайға байланысты Кувейт құрамасының бұл жарысқа қатыса алмағанын айта кеткен жөн.

Турнирлік кестеде екінші орынды Намибия иеленді. Олар Комор аралдары құрамасын пенальти сериясында жеңіп, екі ұпай алды. Ал бір ғана ұпай еншілеген Комор аралдары соңғы орынға жайғасты.

FIFA Series — түрлі конфедерациялардың командалары қатысатын бірнеше шағын турнирлерден тұратын жаңа жоба. Оның негізгі мақсаты – ұлттық құрамалар үшін жолдастық кездесулердің баламасын жасау.

Фото: ҚФФ

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →