Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Әл-Фарабидегі жол апаты: министр Сәденов бірнеше полиция бастығын қуды

    Әл-Фарабидегі жол апатына байланысты ІІМ басшысы қатаң шара қабылдап, Алматы полициясының бірнеше жоғары лауазымды қызметкерін босатты.

    Әл-Фарабидегі жол апаты: министр Сәденов бірнеше полиция бастығын қуды
    file_734.jpg

    Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған шулы жол-көлік оқиғасынан кейін бірнеше полиция басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің қатаң шара қабылдауы нәтижесінде Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметінен айырылды.

    Сонымен қатар департамент басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты «әрекетсіздік» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұған қоса, ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік қызметі «керемет» мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру фактілері бойынша жеке тергеуді бастап кетті.

    «Ешкімге жеңілдік болмайды. Жол апатына қатысушылар ғана емес, оқиғаның мән-жайын жасыруға тырысқандарға да құқықтық баға беріледі», — деді ведомство басшысы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →