Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • Қазақстан 2030 жылы футзалдан Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер • «Қайрат» өз алаңында «Панатинаикостан» 1:5 есебімен жеңілді • Астанада 200-ден астам адам iPhone арзан сатып алуға тырысып, қаржы пирамидасының құрбаны болды • Францияда Шамонда вирусынан алғашқы адам өлімі тіркелді • Индонезияда жойылған саналған Банка лориі қайта табылды •

    Шекарадағы шарасыздық: Ресейден ұшырылған дрон сынығы Қазақстанға құлады

    Шекарадағы шарасыздық: Ресейден ұшырылған дрон сынығы Қазақстанға құлады
    Фото: Мой Город

    Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының (БҰҰА) бөлшектері табылды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Облыстық полиция департаменті бұл деректі ресми түрде растап, аппараттың елді мекендерден алыс жерге құлағанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиға бойынша арнайы тексеру жұмыстары басталды.

    Бұл соңғы айларда өңірде тіркелген осыған ұқсас бесінші жағдай. Бұған дейін дрондардың сынықтары Бөкей ордасы, Тасқала және Жәнібек аудандарында табылған болатын. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл жағдайлардың жиілеуіне қатысты бұған дейін түсініктеме берген еді.

    «Табылған нысандардың басым бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі сынақ полигондарының қызметімен байланысты. Бұл полигондардың шекарасы облыс аумағынан өтетіндіктен, сынақ кезінде аппараттардың құлауы немесе бөлшектерінің шашылуы мүмкін», – деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің өкілдері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →